Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 173 "Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 54 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 4128 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 173 "Мақат ауданының коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жекешелендіру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3662 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (Ж. Есенғалиев) жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Сарсенгалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады