Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 264 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 шілдеде № 3571 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
А. Муса

  Құрманғазы ауданы әкiмдiгінің 2016 жылғы "30" маусымдағы № 264 қаулысымен бекітілген

Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Егер жұмыс малы мен ірі қараны ұстап алғаны туралы мәлімделген кезден бастап алты ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде - екі ай ішінде олардың меншік иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе, бұл жануарларға меншік құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшеді.
      3. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншікке түседі.

2. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану

      4. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізіп және бағалау жүргізіледі. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысы негізінде тиісті әкім аппаратының теңгеріміне бекітіледі. Тізбеге енгізу және бағалау, сонымен қатар теңгерімге алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі – Тізімдеу актісі) негізінде жүргізіледі.
      5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сақтау және пайдалану шығындары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      6. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарлар олардың уақытша күтімге алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға "Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалған келісім шарт негізінде бекітіледі.
      7. Жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде жануарларды күтімге алу үшін қажетті жағдайы болуы ескеріледі.
      8. Жануарларды бағу мен пайдалануға берілген тұлғалар, жануарлардың өлім-жітімі мен іске жарамай қалғаны үшін бұған кінәсі болған кезде ғана және сол жануарлардың шекті құны мөлшерінде жауапты болады.
      9. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес пайдаланылады.
      10. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - комиссия) уақытша күтімдегі мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

3. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

      11. Жануарлар мемлекет меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол ауданның тиісті жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

4. Қорытынды ережелер

      12. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады