Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "5", "5", "6" тармақтар тиісінше "5", "6", "7" тармақтар болып өзгертілсін;
2) келесі мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек бекітілсін".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1-ші шілдеден туындаған қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың V сессиясының төрағасы |
Б. Кенжебаев |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Б. Жүгінісов |