Түркiстан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға әкетуге, кәдеге жаратуға қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекiту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/20-VІ шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 13 шілдеде № 3777 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 13/77-VI шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 21.02.2017 № 13/77-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12936 тіркелген) сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімге 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Түркістан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Арыстанов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Ғ.Сарсенбаев

  Түркістан қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
29 маусымдағы № 5/20-VI
шешіміне 1 қосымша

Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары


Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Орташа жылдық жинақталу нормалары,
м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,1
1,3
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері
1 орын
1,0
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,702
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,399
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,2
6
Емханалар
1 адам
0,02
7
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,12
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 орын
0,5
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы
1 орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,03
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
1,0
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,4
14
Азық-түлік дүкендері
Сауда алаңы 1 м2
0,958
15
Машиналардан сату
Сауда орны 1 м2
0,5
16
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,52
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,65
18
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,02
19
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,002
20
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
-
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,5
22
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
-
23
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,4
24
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
1,4
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,85
26
Гараж кооперативтері
1 гаражға
-
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
2,2
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,4
29
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,46
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)
1 жұмыс орны
0,5
31
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,7
32
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
-
33
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
-

 
  Түркістан қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
29 маусымдағы № 5/20-VI
шешіміне 2 қосымша

Түркістан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері


Атаулары
Есептік бірлігі
Баға
(теңгемен)
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер
 
 
1.1
Жайлы үйлер
1 тұрғыннан
102
1.2
Жайсыз үйлер
1тұрғыннан
119
1.3
Заңды тұлғалардан
1 текше метр
1370
1 тонна
3881
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
 
 
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
486
1 тонна
1325
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
599
1 тонна
1438

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады