Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 13/77-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 28 ақпанда № 3985 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 41/242-V "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3222 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдедегі "Түркістан" газетінде жарияланған) шешімінің және Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/20-VI "Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3777 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі "Түркістан" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Темірбаев
      Қалалық мәслихат
      Хатшысы Ғ.Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады