Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 қыркүйекте № 3842 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 25 мамырдағы № 785 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 25.05.2017 № 785 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3–қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын және интернет - ресурстарында орналастырылуын білім бөлімінің басшысы Б.Шойбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Д.Тәңірбергенов

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 25 тамыз
№ 1167 қаулысына 1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Түркістан қаласы

17596

15956

1640


  Түркістан қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 25 тамыз
№ 1167 қаулысына 2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 07.12.2016 № 1739 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Айына бір балаға тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер

қалалық жерлерде

ауылдық жерлерде

6920

21042

39500

35000


  Түркістан қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 25 тамыз
№ 1167 қаулысына 3-қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)

Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

288,11

350,65


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады