Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 25 мамырдағы № 785 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 7 маусымда № 4117 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 6 қарашадағы № 1860 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкiмдiгiнiң 06.11.2017 № 1860 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына,"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 тіркелген, 2016 жылғы 09 қыркүйектегі "Түркістан", "Туркестон" газеттерінде жарияланған) және 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 1739 "Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы" қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3927 тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтардағы "Түркістан", "Туркестон" газеттерінде жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә.Өсербаев

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 785 қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қала атауы

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

Түркістан

17909

16214

1695


  Түркістан қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 785 қаулысына 2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі

Айына бір балаға тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге

Балабақша

Мектеп жанындағы шағын орталық

Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер

қалалық жерлерде

ауылдық жерлерде

12000

21042

35618

39504


  Түркістан қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 25 мамырдағы
№ 785 қаулысына 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы

3 жасқа дейінгі күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

3-7 жас аралығындағы күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)

309,52

337,35


      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады