Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 25.05.2017 № 785 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3842 тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйегінде "Түркістан", "Туркестон" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Қ. Мылтықбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ә.Өсербаев |
Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 1739 қаулысына қосымша |
|
Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 1167 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі
Айына бір балаға тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |||
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық | Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер | |
қалалық жерлерде | ауылдық жерлерде | 6920 | 21042 |
39500 | 35000 |