Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 47/294 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы | Т.Дүйсенбеков |
Мәслихат хатшысы | М.Нахипбеков |
Бәйдібек аудандық мәслихатының 14 шілде 2016 жылғы № 6/38 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек Бәйдібек ауданының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға көрсетіледі.
1 Жалпы ережелер
3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыста ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
4. Осы Қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Бәйдібек ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне көрсетіледі:
1) 15 ақпанда (Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылған күні) - жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғаныстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғаныстанға жіберілген автомобиль ботальондарының әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғаныстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері, Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) - "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 26 сәуірде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні) - 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 9 мамыр (Жеңіс күні) - Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндея;
5) 29 тамыз (Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні) - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) жаңа жыл мерекесіне - мүгедек балаларға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде әлеуметтік қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік күтімді қажет ететін мүгедек балаларға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) қарттарға, мүгедектерге біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 80 жастан асқан қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге мүгедектерге арналған қоларбаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бөлмеге мүгедектерге арналған қоларбаға 33 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий- курорттық емделуге жолдама алу үшін, біржолғы 33 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) аз қамтамасыз етілген отбасыларға біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) туберкулез ауруы бар азаматтарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде;
10) отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алу үшін бiржолғы 70 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
11) Адамның иммун тапшылығының вирусы жұқтыру немесе Жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
12) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға, біржолғы 72 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндермен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша Бәйдібек ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мінадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілі қағидаларға (одан әрі-Үлгілік қағидалар) 1-қосымшавға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісімен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдармен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттармен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсетуіне көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағиданың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсетуіне көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бәйдібек ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
25. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша |
Отбасыны тіркеу нөмірі ____________
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
___________________________ ____________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен жайы, тел.)
Р/с № | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Күнi ______________
Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә._____________________
қолы
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ж."___"__________ __________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.________________________________________
2. Тұратын мекенжайы___________________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлк қиын жағдай
_______________________________________________________________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар ексептеледі)___________
Р/с | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері___________ адам.
Балалардың саны:_________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар_______________адам,
оқу құны жылына_________тенге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жаста асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирус) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше-көрсету керек):
__________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
__________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
казіргі уақыта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)_____________________________________
__________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер ( нысаны, сомасы, көзі:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары ( нысаны, сомасы, көзі)
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек – жарағымен, киіммен, аяқ ктіммен қамтамасыз етілуі_____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы_____________
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
__________________________ _________________________
Комиссия мүшелері:
___________________________ _________________________
___________________________ _________________________
___________________________ _________________________
___________________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ______________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А:Ә. және қолы, күні_______________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
____________________
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша |
Учаскелік комиссияның №_______ қорытындысы
20_____ж._____ _______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
______________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
____________________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеумуттік қөмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы:____________________________________________
Комиссия мүшесі: ___________________ _________________________
___________________ _________________________
__________________ __________________________
___________________ _________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен____данада
20__ж. "__"____қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы______________________________________________________