Бәйдібек ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 16 қарашадағы № 370 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 30 қарашада № 3890 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 30 маусымдағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 30.06.2017 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабына, "Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11148 болып тiркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бәйдібек ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Түймебаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Б.Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
16 қараша 2016 жылғы
№ 370 қаулысына қосымша

Бәйдібек ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар

Ауыл округтер атауы

Орналасқан жері

1

Ағыбет

Ағыбет елді мекені, Рысқұлов көшесінің бойындағы Есіркеп Батыр мектебінің жаны

2

Ақбастау

Ақбастау елді мекені, Оспанов көшесі ескі дүкенінің жаны

3

Алғабас

Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі почта ғимараты жанындағы алаң

4

Алмалы

Жарықбас елді мекені, "Жарықбас" клуб ғимараты жанындағы алаң

5

Бөген

Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесінің бойы "Үшкен-ата" дүкенінің жаны

6

Борлысай

Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесінің бойы мектептің жаны

7

Боралдай

Боралдай елді мекені, Шаян ауылына баратын тас жол шығыс жағы

8

Жамбыл

Жамбыл елді мекені, Айнақожа көшесі жергілікті полиция ғимаратының алды

9

Көктерек

Кеңестөбе елді мекені, Қостөбе көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының жаны

10

Мыңбұлақ

Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев көшесінің ескі жем шөп қойма орны

11

Шаян

М.Әуезов көшесі, "Ауыл құрылыс" ЖШС-нің алды, Шаян-Шымкент тас жолы бойындағы мал базарының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады