Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 370 "Бәйдібек ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 30 маусымдағы № 205 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 11 шілдеде № 4141 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жыл 16 қарашадағы № 370 "Бәйдібек ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 тіркелген, 2016 жылы 9 желтоқсанда "Шаян" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Бәйдібек ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:

      1) осы қаулыны Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiберуiн;

      2) осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы А.Темір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады