2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 28 қарашадағы № 385 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 3917 болып тiркелдi. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Қ.Түймебаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 14 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі Б.Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің 28
қараша 2016 жылғы № 385
қаулысына қосымша

2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері


Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімді қабылдау мерзімдері
1.
Дәндік жүгері
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін
2.
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 14 қазанынан 30 3.қарашасына дейін
3.
Картоп
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін
4.
Мақта
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін
5.
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін
6.
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін
7.
Бірінші жылы егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін
8.
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 14 қазанынан 30 қарашасына дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады