Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 302 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 3960 болып тiркелдi. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 3 қарашадағы № 383 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 03.11.2017 № 383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 – тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген), Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Ә. Төлеповке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Т. Телғараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 302 қаулысына қосымша

Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауыл округінің атауы

Мекен жайы

1

Қазығұрт

Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі, Болашақ ықшам ауданының қарама-қарсы алаңы № 5 жасыл аймақ жаны

2

Шанақ

Шанақ елді мекені, М.Өтенов көшесінің бойы

3

Шарапхана

Шарапхана елді мекені, Қазына көшесі "Тілеген" базарының алды

4

Қарабау

Сынтас елді мекені, Бәйдібек көшесі № 1, "Қарабау ЭТШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаны

5

Шарбұлақ

Шарбұлақ елді мекені, Т.Батырбеков көшесі, "Шарбұлақ" тойханасының қарама-қарсы алаңы

6

Алтынтөбе

Қаржан елді мекені, А.Қосанбаев көшесі, "Сенбі" базарының қарама-қарсы алаңы

7

Сабыр Рақымов

Көкібел елді мекені, А.Құралов көшесі, "Өмірбай ата" сауда орталығының жаны

8

Тұрбат

Тұрбат елді мекені, Бейбітшілік көшесі, "Тұрбат" орталық базарына қарма-қарсы дүкендер алды

9

Қызылқия

Қызылқия елді мекені, Д.Болыс көшесі № 87 а, "Nomad Group RBC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды

10

Қақпақ

Заңғар елді мекені, "Қақпақ-Қазығұрт" автомобиль жолының бойы

11

Жаңабазар

Жаңабазар елді мекені, Р.Абдрайымұлы көшесі, Т.Оспанов көшесіне қарама-қарсы алаңы

12

Жігерген

Айнатас елді мекені, Айнатас көшесі, "Жұма" базарының алды

13

Қарақозы Әбдәлиев

Рабат елді мекені, Жібек жолы көшесі, "Шерім ата" азық-түлік дүкенінің жаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады