Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 3 қарашадағы № 383 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 30 қарашада № 4285 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 267 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 – тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген), Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 302 "Қазығұрт ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3960 тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ш. Нұрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Т. Телғараев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 3 қарашадағы
№ 383 қаулысына қосымша

Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауыл округінің атауы

Мекен жайы

1

Қазығұрт

Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесінің бойы, "TS" жанар-жағар май бекетіне қарама-қарсы алаң

2

Шанақ

Шанақ елді мекені, М.Өтенов көшесінің бойы

3

Шарапхана

Шарапхана елді мекені, "Қазығұрт-Жаңабазар" автомобиль жолының бойында Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы алаң

4

Қарабау

Сынтас елді мекені, Бәйдібек көшесі № 1, "Қарабау ЭТШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаны

5

Шарбұлақ

Шарбұлақ елді мекені, "Қазығұрт-Шарбұлақ-Тұрбат" автомобиль жолының бойы, "Сапа-2002" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы алаң

6

Алтынтөбе

Қаржан елді мекені, Ж.Жұматаев көшесімен Келес көшесінің қиылысы

7

Сабыр Рақымов

Көкібел елді мекені, А.Құралов көшесі № 74 үйдің жаны

8

Тұрбат

Тұрбат елді мекені, Бейбітшілік көшесі бойы

9

Қызылқия

Қызылқия елді мекені, Д.Болыс көшесі № 87 а, "Nomad Group RBC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды

10

Қақпақ

Заңғар елді мекені, "Қақпақ-Қазығұрт" автомобиль жолының бойы

11

Жаңабазар

Жаңабазар елді мекені, Р.Абдрайымұлы көшесінің бойы, техникалық жөндеу орталығының жаны

12

Жігерген

Жігерген елді мекені, Айнатас-Жаңабазар тас жолы бойы

13

Қарақозы Әбдәлиев

Рабат елді мекені, "Шымкент – Рабат Ташкент" автомобиль жолының бойы, Атбұлақ аялдамасының жаны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады