Отырар ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/16-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 12 тамызда № 3832 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 25/130-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 25/130-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5-тармағына, 444-бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Отырар ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы Қ.Нұрқұлов
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады