Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/16-VІ "Отырар ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 25/130-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 сәуірде № 4557 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/16-ІV "Отырар ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3832 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамыздағы "Отырар алқабы" газетінде және 2016 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын

      2. "Отырар аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Мырзатай
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады