Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 243 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 3845 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 94 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 27.03.2017 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Айтаханов

  Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2016
жылғы 13 қыркүйектегі № 243
қаулысына 1 қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
Республикалық бюджет есебінен
Жергілікті бюджет есебінен
1
3134
2030
1104

      

  Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2016
жылғы 13 қыркүйектегі № 243
қаулысына 2 қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері

Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
Балабақша
Мектеп жанындағы шағын орталық
25860
11759

      

  Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2016
жылғы 13 қыркүйектегі № 243 қаулысына 3 қосымша

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Барлығы
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге( көп емес )
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге( көп емес )
331,06
398,78

      
      Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады