2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 3 қазандағы № 252 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 14 қазанда № 3860 болып тiркелдi. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Ә.Жүнісов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 03 қазандағы
№ 252 қаулысына № 1 қосымша

2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері


Басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
1
Дәндік жүгері
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
1.1
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген дәндік жүгері
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
2
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
3
Мақта
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
3.1
Мақта 1 тонна өнімге
2016 жылдың 20 қазанынан 25 қарашасына дейін
4
Картоп
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
5
Көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
5.1
оның ішінде: өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
6
Жем шөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)
2016 жылдың 5 қазанынан 5 қарашасына дейін
7
Фермерлік жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)
2016 жылдың 15 қазанынан 15 қарашасына дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады