Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 9 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 сәуірде № 3719 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 155 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Байғараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады