Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 06.03.2020 № 306 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Б.Тұрғанбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Байғараев |
Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 29 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек Созақ ауданының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде тұрақты тұратын мұқтаж азаматтарға көрсетіледі.
1. Жалпы ереже
3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi – уәкiлеттi ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету, "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) орталық атқарушы орган-халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндері көрсетіледі:
1) 15 ақпанда (Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстан жерiнен шығарылған күнi) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, бiр жолғы 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
2) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға, бiржолғы 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) 26 сәуiрде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, бiржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
Соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санаттарына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, олар;
5) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.Тыл еңбеккерлері - біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 29 тамызға "Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс қимыл күні"- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) 1-2 қаңтар жаңа жыл мерекесіне - 6 жастан және 14 жасқа дейінгі аралығындағы мүгедек балаларға, біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 104 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз етуге: серуендеуге арналған қоларбаға 62 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бөлмеге арналған қоларбаға 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) адам иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жүйкесінің иммун тапшылығы синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндетін тиісінше орындамау салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянға, және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға, біржолғы 72 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
5) аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
6) аз қамтамасыз етілген отбасыларға жылына бір рет берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 220 айлық есептік көрсеткіш;
7) отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алу үшін біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін, біржолғы 46 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне:
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
10) күтім көрсетуге мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға біржолғы 441 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
13) балаларға арналған қоларбаға 51 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
14) туберкулез ауруы бар азаматтарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі қажет.
Бұл ретте азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесінің аудандық мәслихат бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 27.09.2017 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.11.2017 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 11.09.2018 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.10. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндері әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Созақ ауданды әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларға (одан әрi Үлгiлiк қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Аудандық бөлім учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Аудандық бөлім өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағиданың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Аудандық бөлім шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Созақ ауданы бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
25. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.