Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 29 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3811 тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдеде "Созақ үні" газетінде және 2017 жылғы 08 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақтың 2) тармақшасында:
"2" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
7 тармақтың 7) тармақшасында:
"2,7" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
9 тармақтың 1) тармақшасында:
"50" деген сан "62" деген санмен ауыстырылсын;
"21,5" деген сан "55" деген санмен ауыстырылсын;
9 тармақтың 6) тармақшасында:
"50" деген сан "220" деген санмен ауыстырылсын;
9 тармақтың 11) тармақшасында:
"300" деген сан "441" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9 тармақ 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) балаларға арналған қоларбаға 51 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Б.Байғараев |