2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 18 ақпанда № 3596 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 29.04.2016 № 206 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.
      4. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К.Айтуреев

  Шардара ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 29 қаңтар
№ 39 қаулысына қосымша

2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері.

қ/с
Ұйымдардың атауы
Жылына қоғамдық жұмысшыларға сұраныс, адам
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Қаржыландыру көздері
1
"Шардара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
60
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру 5000 шаршы метр
Аудандық бюджет
2
"Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр
 
Аудандық бюджет
3
"Қоссейіт ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр
Аудандық бюджет
4
"Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
18
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр
Аудандық бюджет
5
"Ұзын ата ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр
Аудандық бюджет
6
"Алатау батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
18
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр
Аудандық бюджет
7
"Қызылқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр
Аудандық бюджет
8
"Сүткент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр
Аудандық бюджет
9
"Ақщеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
18
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр
Аудандық бюджет
10
"Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр
Аудандық бюджет
11
"Жаушықұм ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
17
Ауылдық округті абаттандыру және көгалдандыру 900 шаршы метр
Аудандық бюджет
12
Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
40
Іс-қағаздарын жүргізу-100 іс, шегірткеге және өртке қарсы күрес жұмыстары-6000 гектар жер
Аудандық бюджет
13
Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
30
Іс-қағаздарын жүргізу -100 іс, көгалдандыру- 5000 шаршы метр, ауылдық округтерді санитарлық тазалау 3500 шаршы
Аудандық бюджет
14
Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
10
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 200 іс
Аудандық бюджет
15
Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі
10
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 200 іс
Аудандық бюджет
16
Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
10
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс
Аудандық бюджет
17
Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің "Шардара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
30
Іс-қағаздарын жүргізу-100 іс, коғамдық тәртіпті сақтау- 10 ауылдық округ
Аудандық бюджет
18
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі
10
Әскери қызметке шақыруға қатысты қағаздарын толтыру және тарату -2000 шақыру қағаз бланкілері
Аудандық бюджет
19
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысының (соттар) Әкімшісі" мемлекеттік мекемесі
6
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс
Аудандық бюджет
20
"Әділет департаментінің Шардара ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімі"
6
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс
Аудандық бюджет
21
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Шардара ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі
6
Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу, іс-қағаздарын жүргізу-500 іс, мекеме ғимараты аумағын көгалдандыру 100 шаршы метр
Аудандық бюджет
22
"Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Шардара ауданының тарихи-өлкетану мұражайы" филиалы
7
Материалдарды топтастыруға жәрдемдесу-50 іс, ғимарат аумағын көгалдандыру және тазалау 500 шаршы метр
Аудандық бюджет
23
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық филиалы
6
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс
Аудандық бюджет
24
"Өскен өңір" Шардара аудандық газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6
Іс-қағаздарын жүргізу 100 іс
Аудандық бюджет
25
"Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі
6
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс
Аудандық бюджет
26
"Шардара аудандық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі
6
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс
Аудандық бюджет
 
Барлығы:
422
 
 

      
      Ескертпе: ақылы қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады