Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 25-170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Шардара ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16-115-ІV "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-15-72 тіркелген, 2009 жылдың 27 наурыздағы "Шартарап-Шарайна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының | |
өкілеттігін уақытша атқарушы | Т. Бердібеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бердібеков |
Шардара аудандық мәслихатының 2016 жылғы "25" ақпандағы № 54-312-V шешіміне қосымша |
Р/№ | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |