"Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/336-V шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 88 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 73 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 37/448-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 4509 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 104 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3/30-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.05.2023 № 104 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3/30-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27 – бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысының 3-1 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, облыс кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/336-V шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3957, 2015 жылғы 3 маусымдағы № 62 (17151) "Дидар", 2015 жылғы 4 маусымдағы № 64 (19663) "Рудный Алтай" газеттерінде, 2015 жылғы 9 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімге және қаулыға қосымшада:
      "Өскемен қаласы бойынша" бөлімінде:
      реттік нөмірі 7 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "

7

Өскемен қаласы

2114,0

      ".
      2. Осы шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы Б. Нұрасыл
      Облыстық мәслихат хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады