Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 07.11.2017 № 1035 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1, 21-баптарына, сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласы әкімдігінің "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2676 тіркелген, 2012 жылғы 5 қазанда № 40 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі | Ж. Мұратов |