Риддер қаласындағы көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы N 505 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 қыркүйекте N 2676 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 1035 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 07.11.2017 № 1035 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 25.03.2016 № 203 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Риддер қаласының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру орындары белгiленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкiмiнiң орынбасары С.В. Кагармановқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

Риддер қаласының әкімі

М. Сапарғалиев


  2012 жылғы 21 тамыздағы
№ 505 қаулыға қосымша

Риддер қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындарының
тізбесі

      1. Гоголь көшесі аумағындағы "Огонек" шағын-базарында.

      2. Гоголь көшесіндегі "Огонек" дүкені маңында.

      3. Төртінші ықшамауданның орталық базарында.

      4. Тәуелсіздік даңғылындағы "Астана" дүкенінің маңында.

      5. Индустриальная көшесі, 15 "Глория" дүкені мен "№ 9 орта орталау мектебі" мемлекеттік мекемесінің арасы.

      6. Тәуелсіздік даңғылындағы "Алтай қонақ үйі" автобус аялдамасындағы № 8 және 10 үйлердің арасында.

      7. Тәуелсіздік даңғылындағы "Аслан" дүкенінің маңында.

      8. Гоголь көшесіндегі "Рябинушка" дәмханасы ауданында.

      9. Төртінші ықшамаудандағы "Қазақстан" дүкенінің ауданында.

      10. Үшінші ықшамаудандағы "Реал" дүкенінің маңында.

      11. Үшінші ықшамаудандағы "Арбат" дүкенінің маңында.

      12. Киров көшесіндегі "Старый город" дүкенінің маңында.

      13. "Жетінші үй басқармасы" автобус аялдамасы маңында.

      14. Дрейман көшесіндегі төртінші ауданның алаңы маңында.

      15. Теміржол вокзалы маңында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады