РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабы 2 тармағына, 27-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Риддер қаласындағы көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2676 болып тіркелген, 2012 жылғы 05 қазандағы "Лениногорская правда" газетінде жарияланған);
2) "Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 505 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 203 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4484 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірдегі "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д. Б. Дүйсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Құрманбаев |