Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 12.09.2018 № 24/3-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер үшін 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3209 тіркелген, "Лениногорская правда" газетінің 2014 жылы 04 сәуірдегі № 14 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, тиеп шығаруға, көмуге және жоюға тарифтерді бекіту туралы";
бірінші тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратудың келесі тарифтері бекітілсін:".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. БЕЛЯЕВ |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |