Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, тиеп шығаруға, көмуге және жоюға тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда № 3209 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 24/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 12.09.2018 № 24/3-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер үшін 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 12.04.2016 № 2/5-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратудың келесі тарифтері бекітілсін:

      1) жеке тұлғалар үшін – бір адамға айына 175 (бір жүз жетпіс бес) теңге;

      2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін - бір кубтік метр үшін – 1329 (бір мың үш жүз жиырма тоғыз) теңге.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 12.04.2016 № 2/5-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер үшін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. БЕЛЯЕВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады