Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 24/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 8 қазандае № 5-4-178 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 30/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 28.02.2019 № 30/8-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14285 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жаратуд және көмудің келесі тарифтері бекітілсін:

      1) жеке тұлғалар үшін – бір адамға айына 243 (екі жүз қырық үш) теңге;

      2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін - бір кубтік метр үшін – 1774 (бір мың жеті жүз жетпіс төрт) теңге.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, тиеп шығаруға, көмуге және жоюға тарифтерді бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3209 тіркелген, "Лениногорская правда" газетінің 2014 жылы 04 сәуірдегі санында жарияланған);

      2) Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 2/5-VI "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4511 тіркелген, 2016 жылғы 05 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Козлов
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады