Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 7-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4786 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 11-4/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындар оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын есептелсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 27.12.2019 № 49-4/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады;
      2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе үйде оқытылатын мүгедек балалардың заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелді);
      4) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңестің қорытындысымен кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;
      5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрағасы Е. Айнабеков
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады