Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Күйгенқора" учаскесіне шектеу iс-шараларын енгiзе отырып ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қаңтардағы № 04 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда № 4379 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 16.08.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 692 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Күйгенқора" учаскесінде мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А. Жақаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады