Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы N 34-3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 сәуірде N 4464 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 33-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 03.01.2019 № 33-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 444 бабы 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Сессия төрағасы,
      Тарбағатай аудандық
      мәслихат хатшысы М. Мағжаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады