Ақсуат ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 153 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 4757 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2016 жылғы 1 қарашасындағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ақсуат ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы көшенің біреуін "Қадыр Шыныбаев" атауымен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Қасеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсуат ауылдық округінің әкімі Ғ. Нұғиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады