Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 18.10.2021 № 9-133/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы 4) тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 1) тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылы ағымында өтелсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.02.2020 № 50-581/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу Үржар ауданының "Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады";
2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіру (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелді);
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңесінің қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;
5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде, мүгедек баланың қайтыс болуы), сәйкес жағдайлар туындағаннан бастап, төлемдер кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.09.2018 № 31-324/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Жұмақұлов |
Үржар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Қарашев |