Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 18.10.2021 № 9-133/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қазанындағы № 7-72/VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4726 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 10 қарашасында, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінің 2016 жылғы 3 және 10 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу Үржар ауданының "Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады";".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Ақпеков |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Қарашев |