Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 22.04.2020 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада № 3558 тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 50 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе сөз келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 - бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |
Келісілді:
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |
2016 жылғы "17" наурыз