Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 7087 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 06.01.2021 № 01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 26 қарашада 3558 нөмірімен тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 10 желтоқсанда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 08 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын, Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 64 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 346 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 06 мамырда 4536 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.А. Горьковойға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

 

      Келісілді:

      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова

      "___" __________ 2020 жылы

  Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі № 110
қаулысының қосымшасы

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:

      1) Негізгі персонал: әлеуметтік қызметкер;

      2) Көмекші персонал: ассистент.

      2. Білім беру саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

      1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

      2) Негізгі персонал: педагог, музыкалық жетекші, тәрбиеші, аға тәлімгер, әдіскер, аккомпаниатор, өндірістік оқыту шебері, медициналық бике;

      3) Әкімшілік персонал: кітапхана меңгерушісі.

      3. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мамандар лауазымдары:

      1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) Негізгі персонал: музыкалық жетекші, музыкалық жетекші-аккомпаниатор, көркемдік жетекші, әдіскер, аға мәдени ұйымдастырушы, мәдени ұйымдастырушы, мәдени ұйымдастырушы-хореограф, мәдени ұйымдастырушы-қоюшы, мәдени ұйымдастырушы-үйірме жетекшісі (хор, топ), кітапханашы.

      4. Спорт саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:

      1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;

      2) Негізгі персонал: жаттықтырушы-оқытушы, әдіскер, дәрігер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады