Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар және мамандандырылған емдік өнімдер қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 18-8 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3582 тіркелген және 2014 жылғы 17 шілдедегі "Орал өнірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессиясының төрағасы | Т. Ескендіров |
Облыстық мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
2016 жылғы "9" желтоқсанғы №8-9 Батыс Қазақстан облыстық маслихатының шешіміне қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 01.06.2017 № 10-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.12.2017 № 15-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2018 № 21-11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.08.2019 № 28-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ); 18.03.2020 № 33-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) шешімдерімен.
№ | Аурулар | Халық санаты | Дәрілік затты тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым) | Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны) |
1. | Бастапқы өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Босентан қабығымен қапталған таблеткалар; |
2. | Ювенильдық артрит | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат; Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді; |
3. | Ревматоидтық артрит | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат |
4. | Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Тенофовир үлбірлі қабығымен қапталған таблеткалар |
5. | Кистозды фиброз (Муковисцидоз) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі |
Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, капсулаларда ингаляцияға арналған ұнтақ; |
6. | Буллездік эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Декспантенол аэрозоль, сыртқа қолдануға арналған крем, жақпамай, көз гелі, |
7. | Анкилозирлеуші спондиартрит (Бехтерев ауруы) | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Инъекцияға арналған голимумаб ерітінді |
8. | Онкология | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Таргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісік |
Вемурафениб таблеткалар, Кобиметиниб таблеткалар; |
9. | Ювенильдық дерматомиазит | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді; |
10. | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар ішекте еритін қабықпен қапталған капсулалар; |
11. | Крон ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша орташа ауыр немесе ауыр дәрежедегі ауруында |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді; |
12. | Балалар церебралды сал ауруы | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ботулиндік токсин А типі кешені –гемагглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
13 | Созылмалы С вирустық гепатиті | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Софосбувир +Ледипасвир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
14 | Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
Третиноин, капсулалар; Элтромбопаг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Бендамустин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ; |
15. | Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат |
16 | Аяқталмаған остеогенез | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар |
Ибандрон қышқылы, қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді; |
17 | Идиопатиялық өкпенің фиброзы | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша |
Пирфенидон, капсулалар; |
18 | Жүректің ишемиялық аурулары | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
19 | Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Вигабатрин, қабығымен қапталған таблетка |