Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 5461 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Орал өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер":

      реттік нөмірлері 1, 5, 8 – жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Бастапқы өкпе гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Босентан қабығымен қапталған таблеткалар;
Силденафил қабығымен қапталған таблеткалар;
Илопрост, капсулалар;
Сакубитрил + Валсартан қабығымен қапталған таблеткалар;
Эплеренон қабығымен қапталған таблеткалар

      ";

      "

5.

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі

Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді, капсулаларда ингаляцияға арналған ұнтақ;
Урсодезоксихолий қышқылы, капсула;
Ортатізбелі триглициридтер негізіндегі арнаулы емдік өнімдер;
Колестинметат натрий, ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

      ";

      "

8.

Онкология

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Таргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісік

Вемурафениб таблеткалар, Кобиметиниб таблеткалар;
Ибрутиниб, капсулалар;
Трастузумаб эмтанзин, инфузиялық ерітінді үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері редакциядағы 9, 10, 11, 12 – жолдармен толықтырылсын:

      "

9.

Ювенильдық дерматомиазит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді;
Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді;
Метилпреднизолон, таблеткалар
 

10.

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Панкреатин, құрамында минимикросфералар бар ішекте еритін қабықпен қапталған капсулалар;
Глютенсіз мамандандырылған емдік өніммдер

11.

Крон ауруы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

12.

Балалар церебралды сал ауруы

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша 

Ботулиндік токсин А типі кешені –гемагглютинин, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

      ".

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Құлшар
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады