Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 маусымда № 4838 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 5 қаңтарында № 4643 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшасының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2.

Ювенильдық артрит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат; Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді; Этанерцепт инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л.Тұрсынова
      Облыстық мәслихат
хатшысы
М.Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады