Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 14.02.2020 № 42-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 2-5 "Ақжайық ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4352 тіркелген, 2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни рәсімдеу талаптары), ол жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.";
8-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, республиканың аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио, видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;".
2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (Т. А. Горбунова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Дошанова |
Мәслихат хатшысы | С. Сиражев |