Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі Қабыл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 13 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда № 4610 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2016 жылғы 28 қазандағы № 571 ұсынысы негізінде, Ақжол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Қабыл ауылының аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің "Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Қабыл ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2015 жылғы 4 маусымдағы № 7 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3926 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақжол ауылдық округінің әкімі Т.Утемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады