Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 452 ұсынысы негізінде Чапаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінің Чапаев, Жайық ауылдары аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының "Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінің Чапаев, Жайық ауылдары аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2016 жылғы 18 шілдедегі № 93 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4484 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 28 шілдедегі "Жайық таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Зейнуллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Чапаев ауылдық округінің әкімі | Н. Набиденов |