Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қызылтал, Аралтал ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсай қаласының мынадай көшелері қайта аталсын:
1) Қызылтал ауылы бойынша:
"Бөрлі" көшесі – "Әбілқайыр хан" көшесі;
"Ақбұлақ" көшесі – "Кенесары хан" көшесі;
"Миргород" көшесі – "Бейбарыс сұлтан" көшесі;
"Новая" көшесі – "Керемет" көшесі;
"Амангелді" көшесі – "Байбарақ батыр" көшесі;
"Шыңғырлау" көшесі – "Абдолла Жұмағалиев" көшесі;
2) Аралтал ауылы бойынша:
"Луговая" көшесі – "Игілік" көшесі;
"Шыңғырлау" көшесі – "Бірлік" көшесі;
"Құрылыс" көшесі – "Мейрам" көшесі.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б. Б. Мукашева) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы және шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
А. С. Сафималиев |
Сессия төрағасы | К. Т. Ермекбаев |
Мәслихат хатшысы | А. А. Куликешев |