Бөрлі ауданы Қанай ауылдық округінің Қанай және Даниялкөл ауылдарындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Қанай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 4367 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қанай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қанай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Қанай ауылдық округінің Қанай және Даниялкөл ауылдарындағы кейбір көше атаулары:
      1) Қанай ауылы бойынша:
      "Ленин" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Мирная" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Озерная" көшесі – "Бірлік" көшесі;
      2) Даниялкөл ауылы бойынша:
      "Верхняя" көшесі – "Жоғарғы" көшесі;
      "Нижняя" көшесі – "Төменгі" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз ету Қанай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Беркешева Гульсара Каблановнаға жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қанай ауылдық округінің әкімі Ж. Сапиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады