Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 2-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 4415 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 36-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңдарына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Бектелеуова
      Мәслихат хатшысы Е. Таңатов

  2016 жылғы 26 сәуірдегі № 2-3 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен
демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына (одан әрі - Заң) сәйкес әзірленіп, Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Заңдарда жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар деп аталатын қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен қарсылық білдірудің нысандары ретінде, сонымен қатар қоғамдық орындарда аштық жариялауды, киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыстар тұрғызуды және пикет қоюды түсіну керек.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
өткізу тәртібін қосымша реттеу

      3. Бөкей ордасы ауданының әкімдігіне (одан әрі – Әкімдік) жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш беріледі.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш, оны өткізу белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараның мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Әкімдікте тіркелген күннен бастап есептеледі.
      5. Әкімдік өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылдаған шешім туралы хабарлайды.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (яғни, рәсімдік талаптар), ол жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.
      7. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
      8. Шараларға ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елді мекендегі инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
      3) Әкімдіктің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
      5) заңды тұлғалардың жеке меншіктеріне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай-ақ басқа да арнайы дайындалған немесе бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;
      6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;
      7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға бағытталған транспаранттарды, ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуге;
      8) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;
      9) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Бөкей ордасы ауданында митингтер мен жиналыстарды өткізу орыны Сайқын ауылы, Т. Жароков пен Қазақстан көшесі қиылысындағы алаңы белгіленсін.
      10. Бөкей ордасы ауданында шеру және демонстрация өткізетін орынның маршруты болып Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі бойымен Қазақстан көшесі қиылысына дейін белгіленсін.
      Ескерту. 10-тармақ орыс тілінде өзгертіледі, мемлекеттік тілде мәтін өзгертілмейді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 10.08.2016 № 3-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Әкімдікпен белгіленген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары видео бақылау камераларымен, орындықтармен, жарықпен және күл-қоқыс салатын жәшіктермен жабдықталады.
      12. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгілі уақытта, келісілген орында жүргізілуі тиіс.
      13. Пикеттің жүргізілуі басқа формаға өзгерген жағдайда (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация), Әкімдіктен белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алуы қажет.
      14. Әкімдік бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде 3 жеке дара пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.
      Әртүрлі жекелеген пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта тұруы керек.

3. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды
өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

      15. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
      Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.
      Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады