Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 2-3 "Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 3-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 тамызда № 4539 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 36-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 04.03.2020 № 36-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңдарына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 2-3 "Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4415 тіркелген, 2016 жылғы 1 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңдарына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2016 жылғы 26 сәуірдегі № 2-3 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының шешіміне қосымша";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттелген тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына (одан әрі - Заң) сәйкес әзірленіп, Бөкей ордасы ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттейді.";
      8-тармақта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;";
      10-тармақ орыс тілінде өзгертіледі, мемлекеттік тілде мәтіні өзгертілмейді.
      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А. Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Мұқанова
      Мәслихат хатшысы Е. Таңатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады