Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімідігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 545 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 шілдеде № 4490 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 290 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 17.04.2019 № 290 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Зеленов ауданы әкімдігінің "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2015 жылғы 8 қаңтардағы №3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3791 тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Досжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
А.Тугузбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады