Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 42-3 "Казталов аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4-8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 шілдеде № 4470 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 9-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 07.03.2017 № 9-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы №42-3 "Казталов аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4331 тіркелген, 2016 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадрлық жұмыстарды жүргізетін бас маманда сақталады.".
      2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      Сессия төрағасы М.Рамазанов
      Мәслихат хатшысы Е.Ғазизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады